ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бірлескен бұйрығы негізінде №26 “Үміт” бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тұрақты 1 тәрбиеші (орыс тобы) лауазымына конкурс өткізеді. Балабақшада бос лауазым туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының “enbek.kz” сайтынан, балабақшаның инстаграм “𝐦𝐝𝐮.𝐮𝐦𝐢𝐭𝟐𝟔” парақшасынан көруге болады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аралығында (10–22.12.2025) дейін hr.pobd.edu.kz сайтына жүктеу керек. Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды түрде жүктейді.

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының, 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №215/9 болып тіркелген).
7. Психикалық мінез-құлықтық бұзылыушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік.